Жаңалықтар

04.05.2026
Сандық қауіпсіздік технологиялары бойынша халықаралық конференцияға қатысу (ҚХР)

2026 жылғы 20-26 сәуір аралығында «KMG-Security» ЖШС бас директоры (Басқарма төрағасы) Қ.-К.Ж. Карбузов және цифрлық технологиялар және даму орталығының басшысы Р.А. Таиров Қытайда өткен, экономика салаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне цифрлық және зияткерлік технологияларды енгізуге арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару жөніндегі халықаралық компаниялар альянсы ұйымдастырған іс-шара 20-дан астам елдің өкілдерін, соның ішінде қауіпсіздік құрылымдарын, IT сарапшыларды және ғылыми қауымдастықты бір алаңға жинады. Қатысушылар транзиттік жүктер мен магистральдық инфрақұрылым объектілерін мониторингілеу, «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберінде аса маңызды объектілерді бақылау тиімділігін арттыру және халықаралық өзара іс-қимылды дамыту үшін жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді қолдануды талқылады.

Конференция аясында делегация Чунциндегі цифрлық технологиялар көрмесіне қатысып, Таяу Шығыс және Каспий өңірлеріндегі тәуекелдерді бағалауды қоса алғанда, цифрлық қауіпсіздіктің стратегиялық мәселелерін талқылауға қатысты. Сондай-ақ, киберқауіпсіздік, дронға қарсы қорғау, ұшқышсыз жүйелер және роботтандырылған қорғау кешендерінің заманауи шешімдеріне ерекше назар аударылды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша, «KMG-Security» ЖШС Альянстың жетекші компанияларының бірі болып танылды және қауіпсіздік саласындағы жетістіктері үшін халықаралық сыйлықтармен марапатталды.

Анықтама:

«KMG-Security» ЖШС бас директоры (Басқарма төрағасы) Қ.-К.Ж. Карбузов 2023 жылғы қарашадан бастап, штаб-пәтері Макао қаласында (ҚХР) орналасқан қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару жөніндегі компаниялардың Халықаралық альянсының вице-президенті болып табылады.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики