Жаңалықтар

2026 жылғы 22 маусымда Ақсай қаласында 2026 жылғы 1 тоқсандағы жұмыс қорытындысы бойынша КПО Б.В. форумы өтті, оған бас директор Марко Марсили және компанияның басшылық құрамы қатысты. Іс-шараға КПО Б.В. қызметінің түрлі салаларында марапаттарға ұсынылған бизнес-серіктестердің өкілдері де шақырылды.
Номинанттар арасында Серіктестікте 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жұмыс істейтін «KMG-Security» ЖШС Батыс Қазақстан филиалының жүргізушісі Бекзат Ізғалиұлы Мұхамбедьяров атап өтілді. 2026 жылдың 1 тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша ол мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар арасында үздік жүргізуші болып танылды.
Есепті кезең аралығында аталған қызметкер жылдамдық режимін бірде-бір рет асырмаған және көлік құралын басқару кезінде қауіпсіздік техникасының талаптарын қатаң сақтаған. Тәртіп пен жауапкершіліктің жоғары деңгейі «Сити-Пойнт» СМТС көлік мониторингі жүйесінің деректерімен расталды, оның нәтижелері бойынша қызметкер жоғары бағаға ие болды.
Номинация қорытындысы бойынша Б.И. Мұхамбедьяров КПО Б.В. бас директорының атынан 250 АҚШ доллары сомасына сертификатпен марапатталды және басқа номинанттармен және компания басшылығымен бірге салтанатты кешкі асқа қатысты.
Әріптесімізді лайықты марапатымен және кәсіби қызметінің жоғары бағалануымен құттықтаймыз, біз оағн бұдан әрі де табыс, қауіпсіз жұмыс және жаңа жетістіктер тілейміз!


















