Жаңалықтар

20.07.2026
«Атасу» БМАС объектісінде персоналды эвакуациялау бойынша оқу жаттығуы өткізілді

2026 жылғы 17 шілдеде «ҚазТрансОйл» АҚ «Атасу» БМАС аумағында өрт туралы хабарлау жүйесі іске қосылған жағдайда персоналды эвакуациялау кезінде практикалық іс-қимылдарды пысықтау бойынша оқу жаттығуы өткізілді.

Жаттығу барысында шартты төтенше жағдай туындаған кезде объектінің өндірістік персоналы қызметкерлерінің және күзет қызметкерлерінің іс-әрекеттері, жедел ден қою, құлақтандыру, персоналды қауіпсіз эвакуациялау және объектінің жауапты қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі пысықталды.

«KMG-Security» ЖШС Қарағанды филиалының күзетшілері жаттығуға белсенді қатысып, адамдарды қауіпсіз эвакуациялау жолдары арқылы жібере отырып, персонал мен объектіге келушілерді ұйымдастырылған эвакуациялауды қамтамасыз етті. Эвакуация аяқталғаннан кейін күзетшілер ғимараттардың үй-жайларында шартты зардап шеккендердің бар-жоғын тексеріп, олардың жоқтығын растады.

Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылардың іс-әрекеттері белгіленген талаптарға сәйкес деп танылды. Оқу-жаттығу «қанағаттанарлық» деп бағаланды.

Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің төтенше жағдай кезінде іс-қимылға жоғары дайындығын арттыруға, эвакуациялаудың практикалық дағдыларын жетілдіруге және күзетілетін объектілерде қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики