Жаңалықтар

2026 жылғы 25-26 шілдеде Қарқаралы ұлттық паркінің әсем таулы ландшафттарында «Bugyly Trail Qarqaraly - 2026» республикалық трейл-марафоны өтті.
Ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдығына арналған бұл төртінші жарысқа Қазақстан мен шет елдерден 400-ден астам спортшы қатысты.
Марафонға қатысушылар қатарында «KMG-Security» ЖШС Қарағанды филиалының «Атасу» БМАС күзетшісі Есхан Даутұлы Тулепов болды. 40-49 жас санатында жарысқа қатысқан ол 21 км қашықтықта 2 сағат 21 минут 37 секунд нәтижесін көрсетіп, II орынды иеленді.
Бұл нәтиже физикалық дайындықтың жоғары деңгейінің, мақсатқа талпынудың және жаңа жетістіктерге ұмтылудың лайықты дәлелі болды.
Спорттық жетістігі үшін, Қарағанды филиалының басшылығы кәсіподақ ұйымының қолдауымен қызметкерге 20 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетіп, басшылықтың атынан алғыс хат табыс етті.
Әріптесімізді лайықты нәтижесімен құттықтаймыз және жаңа спорттық жеңістер тілейміз!



















