Жаңалықтар

Қыркүйектің бірінші жексенбісінде Қазақстан Республикасында кәсіби мереке – мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл күн сала қызметкерлерінің ел экономикасын дамытуға және оның энергетикалық әлеуетін нығайтуға қосқан елеулі үлесін мойындау болып табылады.
Қазақстанның мұнай-газ кешені мыңдаған кәсіпқой мамандардың басын біріктіріп, кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуде. Бұл процесте өндірістік объектілердің сенімді және кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекше рөл атқарады.
Кәсіби мереке қарсаңында «KMG-Security» ЖШС өңірлік бөлімшелерінің күзет персоналының 24 қызметкері «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығының адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және мұнай-газ саласы объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін тиісті марапаттарға ие болды. Марапаттардың қатарында - құрмет грамоталары, алғыс хаттар және ҚМГ-ның естелік белгілері бар.
Қызметкерлердің еңбегін жоғары бағалау олардың кәсібилігін, жауапкершілігін және өз ісіне берілгендігін мойындау болмақ. Марапатталғандардың әрқайсысы объектілерді сенімді қорғауға және мұнай-газ кешені кәсіпорындарының қауіпсіз қызметін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда.



















