Жаңалықтар

30.09.2026
«KMG-Security» ЖШС Қызылорда филиалы: сенімді күзет - мықты команда

«KMG-Security» ЖШС Қызылорда филиалының тарихы 2010 жылдан бастау алады, сол кезеңде компания басшылығы күзет қызметін басқарудың тиімділігін арттыру, өзара іс-қимылдың жеделдігін жетілдіру мақсатында, өңірде дербес бөлімше құру туралы шешім қабылдаған болатын.

Филиал құру Қызылорда өңірінде орналасқан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді ұйымдары объектілерінің жалпы қауіпсіздік жүйесін дамытудың кезекті кезеңі болды.

Алғашқы жылдар кәсіби ұжымның қалыптасу, толығу және тәжірибе жинақтау кезеңі болды. Филиалдың ұйымдық құрылымы түзілді, басқару жүйесі құрылды, қызметкерлерді іріктеу және даярлау жүзеге асырылды, сондай-ақ күзетілетін объектілердің басшылығымен өзара іс-қимыл жолға қойылды.

Қазіргі уақытта филиалды білікті маман, ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полиция полковнигі Бағдат Әбшекенұлы Абжапбаров басқарады.

Әкімшілік персонал мен қамтамасыз ету қызметі қызметкерлерінің бейінді білімі, кәсіби біліктілігі және практикалық тәжірибесі бар, бұл филиалдың қызметін тиімді ұйымдастыруға және қойылған міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Филиалдың жауапкершілік аймағына енген объектілер «Қазгермұнай» БК» ЖШС мұнай-газ өндіру объектілері және «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС магистральдық құбырының желілік бөлігі (2020 жылға дейін) болды.

Аймақ географиясының ерекшеліктері және өндірістік объектілердің әкімшілік кеңседен едәуір қашықтығы күзетті негізінен вахталық әдіспен ұйымдастыруға себеп болды.

Бүгінгі таңда филиалда күзетілетін объектілерді сенімді және кәсіби қорғауды қамтамасыз етудің жалпы міндетімен біріктірілген 150-ге жуық қызметкер бар.

40 мобильді топтың және 91 стационарлық бекеттің күшімен «Қазгермұнай» ЖШС-ның «Ақшабұлақ», «Нұралы» және «Ақсай» кен орындарының объектілерін, сондай-ақ ҚМГ-ның «Торғай Палеозой» учаскесін физикалық күзету қамтамасыз етілуде, оның ішінде 3 объект террористік тұрғыдан осал санатқа жатады. Бұл нысандарда жұмыс істеу жоғары жауапкершілікті, қырағылықты және кәсіби дайындықты қажет етеді.

Жыл сайын филиалдың күзет персоналы қызметтік міндеттерін сапалы орындау үшін қажетті практикалық дағдыларды арттыруға бағытталған қайта даярлаудан өтеді. Оқыту барысында қызметкерлер заңнама мен нормативтік құжаттардың талаптарын зерделейді, сондай-ақ төтенше және штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде іс-қимыл тәртібін пысықтайды.

Күзет персоналының үйлесімді және кәсіби жұмысының арқасында филиал қызметі кезеңінде күзетілетін объектілерде мүлікті ұрлауға, сондай-ақ объектілер мен персоналдың қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін төтенше оқиғалар мен өзге де елеулі оқиғаларға жол берілген жоқ.

Филиал қызметінде ұжыммен жүргізілетін жұмысқа ерекше назар аударылады. Филиалдың басты құндылығы – адамдар: күзетшілер, бекет бастықтары, супервайзерлер, жүргізушілер, мобильді топ жүргізушілері, кезекші және әкімшілік қызметкерлер.

2019 жылы «Үздік маман» республикалық байқауының «Үздік жүргізуші» номинациясында I-орын алып, I-дәрежелі дипломмен марапатталған Ербатыр Сардарбекұлы Өржановтың жеңісі кәсіби шеберліктің жарқын үлгісі болды. Бұл жеңіс қызметкердің жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар филиал ұжымының жоғары кәсіби деңгейінің дәлелі.

Көп жылғы адал еңбегі және қызметтік міндеттерін сапалы атқарғаны үшін күзетшілер Мейрамбек Дауылбайұлы Махамбетов, Уристембек Тілекұлы Тілеуов және Мирамбек Диханбайұлы Наурызбаев Серіктестіктің бас директорының алғыс хаттарымен марапатталды.

Күзетші Нұрлыбек Балашбекұлы Шағыров «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ естелік белгісімен, ал Алмат Жақсылықұлы Смаханов күзет ұйымдары қызметкерлерінің күніне орай Серіктестіктің бас директорының алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, Қызылорда филиалының тағы 12 қызметкері «KMG-Security» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының алғыс хаттарымен марапатталған.

Өндірістік қызмет дамыған сайын өңірде филиалдың жауапкершілік аймағы да кеңейді. Күзетілетін объектілердің саны артты, қызметті ұйымдастыру жетілдірілді, кәсіби құрам нығайтылды. Сонымен бірге күзет сапасына, жедел әрекет ету жылдамдығына және қызметкерлерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптар артты.

16 жыл ішінде филиал қалыптасу мен дамудың маңызды жолынан өтті. Мұндай нәтиженің артында оның тарихына үлес қосқан көптеген жұмысшылардың кәсібилігі, жауапкершілігі және күнделікті жұмысы жатыр.

Бүгінгі таңда филиал күзет қызметін жетілдіруді, қызмет көрсету сапасын арттыруды, қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін дамытуды және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін енгізуді жалғастыруда.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики