Жаңалықтар

2024 жыл,ы 2 сәуірде жоспарланған кестеге сәйкес, «KMG-Security» ЖШС-ның орталық аппараты мен Астана қаласы бойынша АКБ қызметкерлерінің «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ омбудсмені Е.М. Рахимбергеновпен кездесуі өтті.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын нығайтуға, сондай-ақ еңбек және әлеуметтік құқықтарды сақтауға байланысты өзекті мәселелерді талқылауға бағытталды.
Қатысушылардың назарына ҚМГ іскерлік этика кодексінің этикалық мінез-құлыққа, әділдік пен меритократияға, құрметтеуге, кемсітушілік пен қысымға тыйым салуға қатысты негізгі қағидаттары жеткізілді.
Жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда омбудсменге жүгіну тетігі түсіндірілді.
Қызметкерлер талқылауға белсенді қатысты, сұрақтар қойды, жеке тәжірибелерімен бөлісті және ұсыныстар айтты. Кездесу барысында омбудсмен бірқатар түсіндірмелер беріп, жүйелі проблемалар анықталған жағдайда көмек көрсетуге уәде берді.
Өткізілген кездесу Серіктестік қызметкерлері мен омбудсмен институты арасындағы сындарлы диалогты дамытудағы маңызды қадам болды, бұл сенімділікті арттыруға, ұжымдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға және ашық әрі әділ жұмыс ортасын қалыптастыруға ықпал етті.