Жаңалықтар

29.04.2024
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

Еңбекті қорғау - қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасауға бағытталған кез келген кәсіпорынды басқарудың негізгі аспектісі болып табылады. Негізгі міндеттерге жұмыс орнында кәсіптік аурулар мен жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ кәсіптік тәуекелдер деңгейін төмендету кіреді.

28 сәуірде Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) жыл сайын Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтеді. Осы мерекеге орай «KMG-Security» ЖШС бас директорының (Басқарма төрағасының) бұйрығымен Серіктестіктің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жақсартуға қосқан оң көрсеткіштері мен елеулі үлесі, лауазымдық міндеттерін адал орындағаны үшін құрмет грамоталарымен марапатталды:

  • Балабеков Е.Т., Қарағанды филиалының ҚжЕҚ жөніндегі инженері;
  • Сахитжан Х.О., Қызылорда филиалының ҚжЕҚ жөніндегі инженері;
  • Шарипов Р.Х., Оңтүстік-Қазақстан филиалының ҚжЕҚ жөніндегі инженері;
  • Кәрімханұлы Б., Серіктестіктің ҚжЕҚ қызметінің жетекші маманы.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы проблемаларға назар аудару, еңбек қызметіне байланысты жарақаттар, аурулар мен өлім-жітім санын азайту мақсатында ұлттық мұнай-газ холдингі қызметкерлерінің атына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы М.М. Мырзағалиев сөз сөйледі.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики