Компания туралы
«KMG-Security» ЖШС күзет қызметтерінің барлық түрлерімен айналысуға № 001256 мемлекеттік лицензияға ие және оларды төмендегіше жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу саласындағы нысандар күзетін қамтамасыз ету (көмірсутек шикізатын өндіру, сақтау, қайта өңдеу, магистралды құбыр желісі нысандарын, сондай-ақ оларға ілеспелі инфрақұрылымдарды қорғау мен күзетуді ұйымдастыру);
- мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, сауда және қойма орындары, кеңселер, тұрғын үй кешендері және т.б. күзеті;
- Тауарлы-материалдық құндылықтар мен жүктерді Республиканың барша аумағында қарулы күзетпен алып жүру;
- тапсырыс берушінің арнайы іс-шараларының (конгрестер, таныстыру рәсімдері, көрмелер, құпия келіссөздер, жарыстар және т.б.) кешенді қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- күзет тәсілдері мен құқыққа қайшы қастандықтардан заң аясында қорғану бойынша кеңес беру және ұсыныстар дайындау.