Жаңалықтар

08.05.2025
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өткізген эко-тимбилдингке қатысу

Корпоративтік мәдениетті нығайту, еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметкерлері арасында экологиялық жауапкершілікті дамыту аясында, 2025 жылғы 7 мамырда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Астана қаласының көркем демалыс аймақтарының бірінде эко-тимбилдинг ұйымдастырды.

Іс-шараға «KMG-Security» ЖШС орталық аппаратының жас мамандары белсенді қатысты, олар бос уақытты әлеуметтік және экологиялық миссиямен ұштастырудың маңыздылығын атап өтіп, бастамаға құлшыныспен жауап берді.

Іс-шара бейресми және достық атмосферада өтті, бұл әріптестер арасындағы сенімді нығайтуға және бірлікті қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз. Коммуникативтік дағдыларды, көшбасшылық пен өзара көмекті дамытуға бағытталған командалық ойындар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, іс-шара аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлері арасындағы спорттық жарыстардың қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Эко-тимбилдинг корпоративтік өзара іс-қимыл тәсілі ғана емес, сонымен қатар ұжымда тұрақты құндылықтарды қалыптастыруға деген саналы көзқарастың үлгісі болмақ.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики