Жаңалықтар

Жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы кері байланысты нығайту, сондай-ақ еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында, 2025 жылғы сәуір және мамыр айларында Серіктестіктің бас директоры (Басқарма төрағасы) Қ.-К.Ж. Карбузов Павлодар, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау филиалдарына жоспарлы жұмыс сапарларын жүзеге асырды.
Филиалдардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізу барысында бірінші басшы қызметкерлерге өндірістік-экономикалық көрсеткіштер туралы өзекті ақпаратты жеткізді, негізгі өндірістік және ағымдағы проблемаларды белгіледі, сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсарту және ұсынылатын күзет қызметтерінің сапасын арттыру бойынша жоспарланған іс-шараларды ұсынды.
Кездесулер барысында еңбек ұжымдары мен Серіктестік басшылығы арасындағы кері байланысты қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бас директор филиалдардың әрқайсысының қызметіне баға берді, қызметкерлерден келіп түскен сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ Серіктестіктің кәсіподақ комитетінің қатысуымен жүзеге асырылатын іс-шараларды қоса алғанда, әлеуметтік қолдауды күшейту бойынша іске асырылып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп өтті.
Сонымен қатар, «KMG-Security» ЖШС құрылғанына 25 жыл толуына орай, оқу-спорттық іс-шараларды өткізу ниеті бар екендігін жеткізді.