Жаңалықтар

17.09.2025
«KMG-Security» ЖШС қызметкерлері мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай мемлекеттік және салалық марапаттармен марапатталды

Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні -Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірін дамытуға үлес қосатын барлық адамдар үшін маңызды кәсіби мереке. Бұл күн жыл сайын елдің мұнай-газ инфрақұрылымын өндіруге, қайта өңдеуге, тасымалдауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тартылған мамандардың қажырлы еңбегін мойындаудың белгісі ретінде атап өтіледі.

Кәсіби мереке қарсаңында, «KMG-Security» ЖШС үздік қызметкерлері отын-энергетика секторы объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін жоғары мемлекеттік және салалық марапаттарға ие болды.

«KMG-Security» ЖШС қызметкерлерінің тізімі

«KMG-Security» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қайрат Болатұлы Мұхитовқа «Құрмет» орденін тапсыру - ұжымның ерекше мақтанышы болды. Бұл жоғары мемлекеттік награда оның көп жылғы еңбегін, көшбасшылығын және елдің мұнай-газ кешенінің қауіпсіздік жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесін мойындау десек те болады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін медалімен Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы Асылбек Салмұрзаұлы Базаров марапатталды.

Бірқатар өңірлерде мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай салтанатты және спорттық іс-шаралар өтті.

Жаңаөзенде қала әкімінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы орынбасарының және «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының қатысуымен мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жағдайда Серіктестіктің Жаңаөзен филиалының қызметкерлеріне адал еңбегі және мұнай-газ саласы объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін марапаттар табыс етілді.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС ұйымдастырған спорттық жарыстар аясында Серіктестіктің Ақтөбе филиалының қызметкерлері 1-ші және 2-ші жүлделі орындарға ие болып, физикалық дайындығы мен командалық рухтың жоғары деңгейін көрсетті.

Серіктестік басшылығы барлық ұжымға адалдығы, жоғары тәртібі және үнемі жетілуге деген ұмтылысы үшін алғысын білдірді.

Алынған марапаттар - бұл қол жеткізілген нәтижелерді мойындау ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік стандарттарын одан әрі дамытуға, нығайтуға және күзет қызметіне заманауи тәсілдерді енгізуге ынталандыру.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики