Жаңалықтар

2025 жылғы 7 қазанда Астана қаласында «KMG-Security» ЖШС бас директордың м.а. К.Б. Мухитовтың, Серіктестіктің орталық аппараты мен филиалдары өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының Мамандандырылған оқу орталығы» ЖШС-ның бас директоры В.П. Канмен жұмыс кездесуін өткізді. Талқылаудың негізгі тақырыбы күзет персоналын даярлау сапасын арттыру мәселелері болды.
Кездесу барысында МОО басшысы оқу орталығының қызметін таныстырды, мұнай-газ секторының объектілерін қорғауды қоса алғанда, салалық ерекшеліктерді ескере отырып, мамандарды даярлау бағдарламалары, сондай-ақ оқыту мүмкіндіктері туралы айтты. Шынайы ахуал жағдайында қызметтік міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті практикалық дағдылар мен әдеттерді дамытуға бағытталған бағдарламаларға ерекше назар аударылды.
Тараптар Серіктестіктің қажеттіліктеріне сәйкес оқу модульдерін пысықтау және бейімдеу, соның ішінде ахуалдық модельдеуді енгізу, филиалдар базасында практикалық сабақтарды ұйымдастыру, сондай-ақ оқу процесін визуалды бақылаудың заманауи цифрлық шешімдері мен құралдарын қолдану бойынша ұсыныстарды талқылады.
Кездесу ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, тұрақты кері байланыс арнасын құруға және оқу процесінің сапасы мен тиімділігін, сондай-ақ күзет персоналының кәсіби міндеттерді орындауға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған практикалық шешімдерді әзірлеуге ықпал ете отырып, сындарлы диалог пен өзара түсіністік жағдайында өтті.