Жаңалықтар

29.10.2025
Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні

29 қазанда Қазақстанда күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні – бүкіл ел бойынша объектілердің қауіпсіздігін және сенімді қорғалуын күнделікті қамтамасыз ететін жандардың кәсіби мерекесі атап өтіледі.

Бұл күні «KMG-Security» ЖШС барлық қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды! Серіктестіктің күзет персоналының адал жұмысының арқасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ стратегиялық маңызды объектілері мен оның еншілес ұйымдарының сенімді күзеті қамтамасыз етіледі.

Адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және Қазақстанның күзет саласын дамытуға қосқан үлесі үшін үздік қызметкерлерге «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының алғыс хаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Күзет ұйымдары қауымдастығының құрмет грамоталары табыс етілді.

2. Грамоты АОО РК.pdf

3. Благодарственные письма НПП.pdf

Мереке құрметіне орай, Атырау облысының полиция департаменті Серіктестіктің Атырау және Құлсары филиалдарына облыс аумағында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хат жолдады.

Үздік күзет ұйымын анықтайтын жыл сайынғы конкурстың қорытындысы бойынша, «KMG-Security» ЖШС-і қызметкерлер саны 1000 адамнан асатын компаниялар арасында осы номинация бойынша жеңімпаз деп танылды.

«KMG-Security» ЖШС басшылығы барлық күзет қызметкерлеріне олардың адалдығы, тәртібі және қызметтік міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарағаны үшін ризашылығын білдірді.

«Күзетші мамандығы - сенімділіктің, батылдықтың және ертеңгі күнге деген сенімнің белгісі. Өз қызметтеріңізге адалдықтарыңыз және жоғары кәсібиліктеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздерге зор денсаулық, амандық, тыныш кезекшілік және компания мен елдің игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге табыс тілейміз!»

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики