Жаңалықтар

2026 жылғы 16 қаңтарда «ҚазТрансОйл» АҚ Қарағанды мұнай құбыры басқармасында (ҚМБ) 2025 жылғы жұмыс қорытындыларына арналған кеңес өтті. Іс-шараға мұнай құбыры басқармасының қызметкерлерінен басқа мердігер ұйымдардың басшылары да қатысты.
Кеңес аясында ҚМБ бастығы М.М. Сабугалиев «KMG-Security» ЖШС Қарағанды филиалының жұмыс сапасының жоғары екендігін атап өтті. Қауіпсіздікті сенімді қамтамасыз еткені және объектілерді тиімді қорғағаны үшін Серіктестіктің Қарағанды филиалына алғыс хат табыс етілді.
Мұндай марапат шарттық міндеттемелерді орындаудың кәсібилігі мен жоғары деңгейін білдіреді, сондай-ақ өзара қатынастарды нығайтуға және тапсырыс беруші объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етпек.



















