Жаңалықтар

«KMG-Security» ЖШС орталық аппараты мен өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері ҚМГ тобының басқа компанияларымен бірлесіп, Елбасының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасын қолдап, бүкіл ел бойынша жасыл аймақтарды жақсартуға үлес қосты.
Жалпықалалық сенбілік аясында Астана қаласында бекітілген ҚМГ паркінің аумағын абаттандыру және көгалдандыру жалғастырылды, жергілікті климаттық жағдайларға бейімделген 7,5 мыңнан астам ағаш отырғызылды.
Жыл басынан бері ұжым елорда тұрғындары арасында жасыл аймақтарды дамытуға және экологиялық мәдениетті нығайтуға белсенді үлес қосып, 7 мыңнан астам көшет отырғызды.
Серіктестіктің Жаңаөзен филиалы аталған шарадан шет қалмай, кеңсе аумағын абаттандыруға белсене қатысып, ағаштар мен бұталар отырғызып, ұжымның демалысы мен жайлы жұмысы үшін жасыл аймақ жасауға барынша атсалысты.




.jpeg)















