Жаңалықтар

24.10.2025
Қазақстан Республикасы Күнімен!

25 қазанда еліміз ұлттық мерекеміз, бірліктің, тәуелсіздіктің және Отан үшін мақтаныштың символы болып саналатын Қазақстан Республикасы Күнін атап өтеді. Бұл күн Қазақстан халқының мемлекеттікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға деген ұмтылысын білдіреді, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен келісімнің маңыздылығын еске салады.

Қазақстан Республикасы күніне орай адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарауы және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін «KMG-Security» ЖШС-ның келесі қызметкерлері марапатталды:

ҚМГ естелік белгісімен:

Н.С. Тургалиев, Ақтөбе филиалының диспетчері

Р.Н. Ержигитов, Оңтүстік Қазақстан филиалының аға күзетшісі

Т.А. Казбаганбетов, Құлсары филиалының күзетшісі

Г.К. Досахашев, Атырау филиалының күзетшісі

А.Г. Тлепбергенов, Жаңаөзен филиалының күзетшісі

ҚМГ төсбелгісімен:

Р.Г. Чинтасов, Батыс Қазақстан филиалының супервайзері

М.О. Хамитов, Қарағанды филиалының аға күзетшісі

Н.Н. Дәлиев, Қызылорда филиалының аға күзетшісі

ҚМГ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен:

Е.А. Жалдыбеков, Ақтөбе филиалының жүргізушісі

Н.К. Абжанов, Қарағанды филиалының аға күзетшісі

Д.У. Есенсариев, Оңтүстік Қазақстан филиалының аға күзетшісі

С.З. Аманбаева, Серіктестіктің ОА кадр және ұйымдастыру жұмысы басқармасының жетекші маманы

Н.Н. Приходько, Серіктестіктің ОА күзетті ұйымдастыру және келісімшарттар басқармасының жетекші маманы.

ҚМГ алғыс хатымен:

Н.Е. Жетписбаев, Павлодар филиалының аға күзетшісі

Б.А. Даурбаев, Астана қаласы бойынша АКБ аға күзетшісі

Гульжан Толегенова, Жаңаөзен филиалының күзетшісі

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрметті қызметкері» атағына Батыс Қазақстан филиалының супервайзері К.С. Акаев ие болды

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды:

А.Б. Абильханова, Астана қаласы бойынша АКБ күзетшісі

Б.М. Маратбек, Қызылорда филиалының аға күзетшісі

Л.Т. Ликерова, Маңғыстау филиалының диспетчері

М.Ж. Ордабаев, Маңғыстау филиалының жүргізушісі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Алғыс хатымен Павлодар филиалының аға күзетшісі С.С. Шайкенов марапатталды

Мереке қарсаңында «KMG-Security» ЖШС басшылығы компанияның барлық қызметкерлерін лайықты наградаларымен шын жүректен құттықтайды. Бұл күн жаңа жетістіктерге шабыттандырып, ел болашағына деген сенімді нығайтып, Қазақстанның игілігі үшін жемісті еңбек етуге ынталандырмақ.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики