Жаңалықтар

2025 жылғы 24 желтоқсанда Жаңаөзен филиалында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қызметкерлер арасында шағын футболдан жарыс өтті. Спорттық іс-шара қызметкерлерді біріктіріп, командалық рухтың, өзара қолдаудың және салауатты өмір салтын ұстанудың жарқын үлгісі болды.
Турнирге әр түрлі бөлімшелерден құралған 8 команда қатысты. Күні бойы футбол алаңында спорттық көңіл-күй мен жарыс атмосферасы болды. Командалар жоғары дайындық деңгейін, жеңіске деген ерік-жігерін және қарсыластарына деген құрметін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын – МГӨБ-З күзетшілер командасы;
2 орын - МГӨБ-1 командасы;
3 орын - МГӨБ-2 құрама командасы және «ӨзенМұнайСервис».
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Мұндай іс-шараларды өткізу корпоративтік бірлікті нығайтуға, спорттық дәстүрлерді дамытуға және оң жұмыс атмосферасын құруға ықпал етеді.
Филиал басшылығы турнирдің барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына алғысын білдіріп, осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.




















