Жаңалықтар

2025 жылғы 12-16 желтоқсан аралығында Қарағанды қаласында Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай, күрестен спорт шеберлері арасында Азия Кубогы өтті. Беделді турнирге Қазақстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Әзірбайжан командалары қатысты.
Жарысқа барлығы 19 команда қатысып, күрестің үш түрінен: самбо, дзюдо және қазақша күрестен өнер көрсетті.
Турнирге қатысушылар құрамында «KMG-Security» ЖШС Қарағанды филиалының директоры Ысқақов Мейрам Ысқақұлы күрес алаңына шығып, 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша М.Ы. Ысқақов спорттық дайындық пен шеберліктің жоғары деңгейін көрсетіп, дзюдодан 1 орын алып, өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды, сондай-ақ қазақша күрестен 3 орын алды.
«KMG-Security» ЖШС басшылығы мен ұжымы Мейрам Ысқақұлын лайықты өнер көрсетуімен құттықтап, одан әрі спорттық және кәсіби табыстар тілейді.




















