Жаңалықтар

2025 жылдың маусым-шілде айларында өтетін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жыл сайынғы Спартакиадасы аясында «KMG-Security» ЖШС ерлер мен әйелдер командалары спорттық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті және волейболдан жүлделі орындарға ие болды.
Бұл ретте, Астана қаласы бойынша арнайы күзет бөлімшесінің қызметкерлерінен құралған ерлер командасы холдингтің ең мықты еншілес ұйымдары арасында екінші орынға ие болды.
Қатысушылардың шектеулі санына қарамастан, Серіктестіктің орталық аппаратының әйелдер командасы лайықты өнер көрсетіп, үшінші орынды иеленді.
Волейболдан турнир ҚМГ компаниялар тобының әр түрлі еншілес ұйымдарының командаларын бір шаңырақ астына жинаған, спартакиаданың ең жарқын және шиеленісті кезеңдерінің біріне айналды. «KMG-Security» ЖШС жарыс қатысушылары турнир барысында сенімді ойын, нақты стратегия, тамаша өзара іс-қимыл және командалық рух көрсетті.
Серіктестік басшылығы екі командаға да көрсеткен ерік-жігері, адалдығы және компанияны лайықты дәрежеде танытқандары үшін шын жүректен алғысын білдіреді.
Жыл сайынғы ҚМГ спартакиадасы дәстүрлі түрде ЕТҰ қызметкерлерін біріктіреді, корпоративішілік байланыстарды нығайтады, салауатты өмір салты мен командалық өзара іс-қимыл мәдениетін дамытады. «KMG-Security» ЖШС үшін мұндай іс-шараларға қатысу - корпоративтік рухты дамытудың және спорттық бастамаларды қолдаудың маңызды бөлігі болып табылады.