Жаңалықтар

2025 жылғы 22 желтоқсанда ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары мұнай құбыры басқармасының басшылығымен «KMG-Security» ЖШС Құлсары филиалының директоры Дүйсенбай Ержанұлы Досмағұловқа объектілерді күзету бойынша қызметтерді жоғары ұйымдастырғаны және сапалы орындағаны үшін алғыс хат жолдады.
Алғыс хатты «ҚазТрансОйл» АҚ ҚМБ корпоративтік қауіпсіздік қызметінің жетекші маманы С. Кенжеғалиев тапсырды, ол Құлсары мұнай құбыры басқармасы объектілерінде күзет іс-шаралары барлық белгіленген талаптар мен қауіпсіздік стандарттарын сақтай отырып, тиімді жүзеге асырылғанын, заңсыз қол сұғушылықтарға жол берілмегенін атап өтті.
«KMG-Security» ЖШС басшылығы Тапсырыс берушіге жұмысты жоғары бағалағаны үшін ризашылығын білдіреді және кәсіпқойлық, жауапкершілік, сондай-ақ қауіпсіздікті сенімді қамтамасыз ету қағидаттарына бейілділігін растайды.



















