Жаңалықтар

«Наурыз» көктемгі мерекесі қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ әкімшілік ғимаратының корпоративтік орталығында ұлттық дәстүрлерді сақтауға, корпоративтік рухты нығайтуға және компания қызметкерлері үшін мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға арналған «Наурызама» мерекелік іс-шаралары өткізілді.
Іс-шараларға шығармашылық ұжымдардың қойылымдары, ұлттық киімдер көрмесі, ұлттық тағамдардың дәмін тату, тақырыптық мастер-кластар мен конкурстар ұйымдастыру кірді.
«Ана мен қыз – ұлттық сән үлгісі» номинациясы бойынша «Ұлттық киім конкурсында» үздік нәтиже көрсеткені үшін ҚМГ Басқарма төрағасының дипломымен «KMG-Security» ЖШС құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекші заңгері Әсел Жахияқызы Мусина марапатталды.
Қызметкерімізге ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз.




















