Жаңалықтар

21.03.2026
Наурыз мерекесі құтты болсын!

«KMG-Security» ЖШС өңірлік бөлімшелері (бұдан әрі – Серіктестік) бүкіл ел бойынша табиғаттың жаңаруын, жаңа жылдың басталуын, қоғамдағы бірліктің нығаюын бейнелейтін көктемгі Наурыз мерекесін мерекелеуге белсенді түрде атсалысты.

20 наурызда Серіктестіктің Жаңаөзен филиалының ұжымы «Өзенмұнайгаз» АҚ-мен бірлесіп, Наурызға арналған ауқымды мерекелік іс-шара өткізді. Салтанатты шараға Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейт Исаханұлы Қайнарбаев және ӨМГ бас директоры Жанболат Амангелдіұлы Саймағанбетов қатысты. Олар барлық әріптестерін аталған мерекемен шын жүректен құттықтап, бірлесіп жұмыс істегені үшін ризашылықтарын білдіріп, ізгі ниет-тілектерін жеткізді.

Серіктестіктің Қызылорда филиалы да шетте қалған жоқ: ұжым дәстүрлі тағамдармен, музыкалық қойылымдармен және көңілді конкурстармен мерекелік дастархан жайып, Наурызды жоғары деңгейде атап өтті. Іс-шара қызметкерлер үшін командалық рухты нығайтуға, жылулық пен позитивті энергиямен алмасуға, сондай-ақ туған өлкенің мәдени дәстүрлерімен жақынырақ танысуға нақты мүмкіндік болды.

Көктемнің шуақты мерекесі Наурыз - әр үйге бақыт, байлық пен жақсылық әкелсін!

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики