Жаңалықтар

2026 жылғы 28 қаңтарда «Қазгермұнай» БК» ЖШС кеңсесінде бас директор З.Қ. Қияқбаев және бас директордың бірінші орынбасары Мин Хайхуей қатысқан кеңес болып өтті. Іс-шара барысында «KMG-Security» ЖШС Қызылорда филиалы күзет қызметкерлерінің Қызылорда қаласында V Ұлттық құрылтайды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаны атап өтілді.
«Қазгермұнай» БК» ЖШС кеңсесін күзетуді қамтамасыз ететін «KMG-Security» ЖШС Қызылорда филиалының бес қызметкеріне іс-шараны сәтті өткізуге қосқан елеулі үлесі мен зор жауапкершілігі үшін Қызылорда облысы әкімдігінің алғыс хаттары табыс етілді.
Марапатталғандар:
- Ауысым бастығы - Ахметов Жалгасбек Турсынбаевич;
- Күзетші - Жаксылықов Ғалымжан Жақсылықұлы;
- Күзетші - Әбдікәрімов Шарафадин Болатұлы;
- Күзетші - Есжанов Ержан Серікүлы;
- Күзетші - Тлеуов Уристембек Тилекович.
«Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директоры З.Қ. Қияқбаев ерекше көзге түскен қызметкерлерді құттықтап, «KMG-Security» ЖШС Қызылорда филиалының басшылығына қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен қойылған міндеттерді сапалы орындағаны үшін алғысын білдірді.


















