Жаңалықтар
2014 жылдың 28-29 мамырында Маңғыстау облысында, «Ақтау» БМАС аумағында және «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының «Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау» магистральдық мұнай құбырының учаскесінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік қауіпсіздік департаментінің қамқорлығымен төтенше жағдайлар туындаған кездегі персоналдың әрекеттерін шыңдау бойынша бірлескен тактикалық оқулар өткізілді.
Осы кең ауқымды шараның алдында дайындық шаралардың бірқатар кешені өткізілді, бұл шараларға «Semser Security» ЖШС мен «Семсер - Өртсөндіруші» ЖШС қызметкерлері тікелей қатысты.
Оқуға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Semser» компаниялар тобының өкілдерінен басқа мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер «Өртсөндіруші» АҚ, «МАЭК Қазатомпром» ЖШС, Маңғыстау облысының мемлекеттік органдары мен ведомстволарының күштері қатысты.
Оқуға қатысушылардың жалпы саны 200 адамнан асты.
Шарада арнайы, негізгі өрттен және апаттан құтқару техникаларының, күзеттің жұмылдырылған топтарының, апаттан қалпына келтіру бригадаларының және дәрігерлік жәрдемнің автокөліктерінің 50 бірлігі іске қосылды.
Оқудың нәтижелері бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік қауіпсіздік департаментінің директоры Б.Б. Жаңасаев оқудың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне, сонымен қатар тактикалық оқуға тікелей қатысқан «Semser» тобының қызметкерлерінің әрекеттеріне жоғары баға берді.
Оқудың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы мен өткізілуін ескере отырып, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы С.М. Мыңбаевтың атынан «Semser Security» ЖШС алты қызметкері грамоталармен марапатталды:
- Нұртазаев Олег Әлиұлы – Күзет қызметін ұйымдастыру департаментінің бас менеджері;
- Клюев Евгений Викторович – Астана қаласы бойынша Арнайы күзет бөлімшесі бастығының орынбасары;
- Гниденко Наталья Адыновна – Корпоративтік басқару және бақылау департаментінің бас менеджері;
- Хасанов Нұрлан Мұхтарұлы – Маңғыстау филиалындағы қызметтің бас маманы;
- Елтеш Амантұрлы Ағнұрұлы – Маңғыстау филиалының «Ақтау» МАС күзет бастығы;
- Асамбай Сыр-Дария Жайықұлы – Серіктестіктің Маңғыстау филиалының № 412 жұмылдырылған тобының күзетшісі.



























