Комплаенс

«KMG-Security» ЖШС комплаенс-офицері қызметінің негізгі мақсаты Серіктестіктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Комплаенс-офицер өз өкілеттігін атқарушы органға, квазимемлекеттік сектор субъектісінің лауазымды адамдарына қарамастан жүзеге асырады, Серіктестіктің Қадағалау кеңесіне есеп береді және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады.
«KMG-Security» ЖШС комплаенс-офицерінің негізгі міндеттері:
- Серіктестік пен оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету;
- Серіктестікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
- Серіктестікте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
- Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету.
«KMG-Security» ЖШС Комплаенс-офицері: Ульжабаев Ерболат Гусманович
Заңнаманы бұзушылықтарды уақтылы анықтау және алдын алу мақсатында, Сіз кез келген сыбайлас жемқорлық және өзге де бұзушылық фактілері туралы хабарлай аласыз:
- Ulzhabayev@kmg-s.kz электрондық поштасына
- +7 747 318 44 04 нөмірлі Aitu мессенджері арқылы.


















